• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2023

Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті

329 рет
көрсетілді

Кеше Тараздағы мөлтек аудандардың бірінде 19 жастағы қыз суицид жасамақшы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, 27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қаласы ПБ жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан қыздың секіріп кеткендігі туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Секірген азаматшаның 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.

Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталады. Басқа мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.