• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қаңтар, 2023

Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны белгілі болды

566 рет
көрсетілді

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сот-сараптамалық зерттеудің алдын-ала нәтижелері бойынша науқас өлімінің тікелей себебі - жедел миокард инфарктісі. Анафилактикалық шок ықтималдылығы туралы күдік расталмады. Сондай-ақ жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына дер кезінде, 5 минутта жеткен. Бригада оқиға орнына жеткенде, өкінішке қарай, науқастың тамыр соғысы білінбеген, тынысы болмаған. Соған қарамастан, реанимациялық іс-шаралар өткізілді. Бірақ одан нәтиже болмады. Марқұмның туғандары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», делінген қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Instagram парақшасындағы жазбасында.

Еске сала кетейік, кеше 45 жастағы Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың кенеттен қайтыс болғанын хабарлаған едік.