• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2023

Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды

203 рет
көрсетілді

Ақтөбе-Астрахань тасжолында КамАЗ және Skoda автокөліктері соқтығысты, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 28 қаңтар күні сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань тасжолының 523 шақырым тұсында 1959 жылы туған азаматтың басқаруындағы КамАЗ және 1956 жылғы азаматтың басқаруындағы Skoda автокөліктері соқтығысқан.

Соққы салдарынан Skoda автокөлігінің 1960 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілген.