Зере Өтебаева Конституциялық сот аппаратының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зере Өтебаева 1969 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Мәскеу экономика және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1999-2001 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарған;
2001-2008 жылдар аралығында - Комитеттермен жұмыс бөлімінің консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хатшылығының консультанты, заңнама бөлімінің бас консультанты, басқарма басшысының орынбасары;
2008 жылғы қаңтардан 2016 жылғы сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
2016 жылдың сәуірінен 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары қызметінде болған;
23 қазаннан бастап ол Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы болған.