Ұлттық музейде «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми зерттеу жұмыстары: басым бағыттары және нәтижелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Мазмұнды іс-шара барысында музей ғалымдары 2022 жылы атқарған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Басты жаңалық – «Қазақстандағы археологиялық зерттеулер – 2021» атты ғылыми жинағының жарық көруі. Мұндай жинақ отандық археология тарихында алғаш рет шығарылып отыр. Ежелгі тас дәуірінің тарихынан бастап, этнографиялық уақытқа дейінгі межені қамтыған еңбек, ғылымға қосылған олжа саналады.
Сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары республикалық «Отандастар» қорымен бірлесіп, Өзбекстанда жүргізген музыкалық-фольклорлық экспедиция туралы баяндады. Былтыр материалдық емес мәдени мұраның 600-ден астам үлгісі жинақталған.
Сонымен қатар жиын аясында Ұлттық музей ғалымдарының далалық зерттеу жұмыстарында жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.