• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 31 Қаңтар, 2023

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

281 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында туған.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы Су қорын қорғау және мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2003-2008 жылдары Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы Су қорын қорғау және мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болды.

2008 жылы «СК Алатау» АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары болып қызмет етті.

2009-2020 жылдары Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2020-2022 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді.

2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы болды.