• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қаңтар, 2023

Президент елордалықтардың тұрмыстық мәдениетіне қатысты пікір білдірді

293 рет
көрсетілді

Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы барысында қала тұрғындарының тұрмыстық мәдениетіне қатысты пікірлер ортаға салынды, деп жазады Egemen.kz.

«Астананың тазалығы, ең алдымен, оның тұрғындарына байланысты. Зәулім үйлердің ішіндегі және сыртындағы жағдай мәз емес. Шындығын айтсақ, тұрғындар тұрмыстық тәртіпті жиі бұзады, қоқысты қалай болса солай лақтыра береді. Жастар көшеде жүргенде мәдениетсіз қылықтарға жол береді. Сондықтан мен мына мәселеге арнайы назар аударғым келеді. Елордамызды және басқа негізгі қалаларымызды дұрыс қалпында сақтау бұл – ұлттық намысымызға қатысты аса маңызды мәселе. Көшпенділердің ұрпақтары өз қалаларын жөнді сақтай алмайды деген жағымсыз пікірді мүлдем жоққа шығаруымыз керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.