• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Елорда 31 Қаңтар, 2023

Президент елорданың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырды

338 рет
көрсетілді

Астана қаласының даму стратегиясы қайта қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз Астананы жасампаз, жайлы және таза қала қағидасына сәйкес дамытуымыз керек. Әлемдегі барлық озық тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек. 

Жалпы, Астананың қазіргі ауыр жағдайын тез арада өзгерту маңызды. Елорданы жаңғырту қажет. Осы мақсатпен қаланың даму стратегиясын қайта қараған жөн. Құжатта қаланы кешенді түрде дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілуге тиіс. Әкімдікке арнайы қоғамдық тыңдау өткізіп, қаланың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет оны жыл соңына дейін мақұлдауы керек. Президент Әкімшілігі жұмыстың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алады. Сіздерден нақты нәтиже күтемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысында.

Еске салайық, бүгін елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті.