Елорданың жастар саясаты мәселелері басқармасы полиция департаментімен және қаланың таксопарктерімен бірлесіп, флешмоб өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспарын орындау мақсатында өткізілді. Флешмоб аясында жүргізушілер есірткі заттарының таралуына қарсы акция барысында авто көмегімен «Біз қарсымыз!» жазуын бейнеледі.
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі айналымы проблемасы өзектілігін жоймай тұр, бұған есірткіге тәуелді адамдар арасында, оның ішінде автокөлік жүргізушілері арасында заң бұзушылықтардың жиілеп кеткен фактілері дәлел бола алады.
Тыйым салынған заттарды сату ісімен жолаушылар тасымалы түрінде көбіне такси жүргізушілері айналысқан. Бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылады және 2019 жылдан бастап 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
«Мен такси жүргізуші болып жұмыс істегеніме бірнеше жыл болды. Күндіз-түні, ауа райына қарамастан, жұмысқа шығамыз. Әріптестерім сияқты мен де түрлі адамдарды кездестіремін. Бірақ соңғы уақытта есірткіге тәуелді жолаушылар көбейгеннен, олардың тілімен айтқанда жасырылған есірткіні шығару бойынша шақырып, бізді еріксіз қылмысқа тартып жатыр. Біз оған көз жұмып тұра алмаймыз. Сол себепті осындай жағдайларға тап болсаңыздар, үндемей полицияға хабарласыңыз. Еліміздің болашағы – жастар. Ал олардың жасап жатқаны мынау, сол себепті Отанымыздың болашағы үшін осы қайғымен бірге күресейік», деді флешмобқа қатысушылардың бірі елорда тұрғындарына арнаған сөзінде.