• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Білім 31 Қаңтар, 2023

ТіkTok және мұғалім әдістемесі

550 рет
көрсетілді

Мектепте ер мұғалім көп емес. Саусақпен санарлықтай аздың бірі – Ислам Қадыров. Қазір ол Атырау қаласындағы №41 мектеп-гимназиясында ағылшын тілінен дәріс береді.

Ислам әр сабағын оқушы жүрегінде сақта­латындай ерекше өткізуге тырысады. Сабақты күнтізбелік жоспардың аясында қалдырмай, оқу­шыларды сергітудің тың жолын тапқан. Әр күнгі сабағының видеосын ТіkTok әлеуметтік желісіне жүктейді. Оның видеоларын мыңдаған оқырман тамашалап, қызығушылық танытып жүр.

– Мақсатым – балаларға өзге тілді оңай мең­герту. Бұл үшін жан-жақты ізденіп, еркін форматта сабақ өткіземін. Оқушылармен еркін әңгі­мелесемін. Әлеуметтік желіні жиі қолдана­тын оқушыларды күнделікті жоспардағы сабақ­пен қызықтыру қиын. Сол себепті күн сайын саба­ғым­ды ойын форматында өткізуді қолға алдым, – дейді жаңашыл ұстаз. 

Ол қазір жұртшылық жиі қолданатын ТіkTok желісін ұтымды пайдаланып отыр. Осылайша, оқушылардың білімге талпынысын оятуды көз­деген. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін «Ата-ана, мектеп және мұғалім» үштігінің бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істегенін қалайды.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар