• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2023

Таразда жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген ер адам ұсталды

269 рет
көрсетілді

Тараз қаласының полиция басқармасына облыс орталығының екі тұрғыны бөгде ер адамның сенімдеріне кіріп, жүргізуші куәлігін дайындауға жәрдем көрсету сылтауымен олардың 425 мың теңге және 80 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп кеткендігі туралы хабарлаған, деп жазады Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда жәбірленушілерге уәде етілген қызмет көрсетілмеген, ақша да қайтарылмаған. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Алматы облысының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің тұрғындарға теориялық және тәжірибелік емтихандарсыз жүргізуші куәлігін алуды ұсынғаны анықталды.

Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.