Өңірде сыртқы жарнама туралы заңнаманы қолданудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижелері бойынша облыстың 125 кәсіпкеріне сыртқы жарнама үшін салықтарды заңсыз есептеу анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселені зерделеу барысында салықтарды төлемегені үшін облыстың мемлекеттік кіріс органдары жылжымалы және жылжымайтын мүлікке заңсыз тыйым салғаны, сондай-ақ кәсіпкерлердің банктік шоттарын бұғаттағаны анықталды.
«Жетісу облысы бойынша Антикормен кешенді іс-шаралар өткізілгеннен кейін Мемлекеттік кірістер басқармасы жарнама үшін бұрын есептелген салықтардың күшін жойып, кәсіпкерлердің мүлкіне барлық тыйым салуды алып тастады», делінген ведомствоның хабарламасында.