Жетісу облысындағы тас жолда жол талғамайтын көліктің 57 жастағы жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 1 ақпан күні таңертең Сарыөзек-Көктал тас жолының 119-шақырымында болған. Hummer H2 көлігін 57 жастағыер адам басқарған. Көлік аударылып, жүргізуші қайтыс болды.
Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.