Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 765 004 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ретте қала халқы 12 млн 208 мың 200 адамды, ауыл халқы – 7 млн 556 мың 700 адамды құрады.
Статистика көрсеткендей, халық саны табиғи өсім есебінен 268 791 адамға өсті.
2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға артты.