АСТАНА. 17 маусым. Біздің бизнесмендер Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы барлық мүмкіндіктерді пайдалануы үшін ең алдымен өз өнімдерінің сапасын жақсартуы керек. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов осындай пікірде. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Ахметжан Есімов: «Еуразиялық экономикалық одақ – әлемдегі ірі экономикалық одақтардың бірі. Ол отандық бизнесмендерге үлкен мүмкіндіктер ашады. Тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бәсекелестігі күшейеді. Сондықтан, біздің бизнесмендер барлық мүмкіндіктерді пайдалануы үшін ең алдымен өз өнімдерінің сапасын жақсартуы керек. Еуразиялық экономикалық одаққа дейін Кеден одағы құрылып, Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмыс істеді. Егер өткен жылдың көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, 2013 жылы Алматының Кеден одағы елдерімен тауар айналымы 14%-ға өсіп, 8,6 млрд. долларға жетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: BNews.kz.
Фото: capital.kz.