Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Беркімбаев Берік Серікұлы 1980 жылы ақпанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Шеффилд Университетін бітірген.
Берік Беркімбаев 2022 жылдың 20 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді.