• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2014

Еліміз қызметі оң бағаланды

381 рет
көрсетілді

БҰҰ Бас Ассамблеясында «Адам құқықтары мен заң басымдығының «Пост-2015» даму күн тәртібіне қосқан үлесі» атты жоғары деңгейлі отырыс болып өтті. Бұл – 2015 жылдан кейінгі жаңа жаһандық даму күн тәртібін қалыптастыру жөніндегі үдерістердің аяқтаушы кезеңдерінің бірі. Мұнда Қазақстан атынан Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев сөз сөйледі. Т.Әбішев өз сөзінде БҰҰ қызметі адамның негіздемелік құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңызы мен ұлттық және халықаралық деңгейде жаһандық тұрақты дамуға жету, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, жергілікті және халықаралық жанжалдарды реттеу үшін қажет екендігін атап өтті. Іс-шара аясында Т. Әбішев БҰҰ Бас хатшысының Адам құқықтары жө­ніндегі көмекшісі Иван Шимоновичпен кездесіп, Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз етудің жағдайы туралы, сонымен қатар, осал топтар санатындағы босқындар, еңбек мигранттары, азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар, адам саудасының құрбандары мәселесі туралы баяндады. Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ-ның  құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастығын одан әрі дамыту бойынша бірқатар жайттар талқыланды. Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі жетекші халықаралық құқық қорғау үкіметтік емес ұйым­дары­ның қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл жиынға Хью­ман Райтс Уотч, Журналистерді қор­ғау комитеті, Ашық қоғам қоры және Халықаралық амнистия ұйымы шақы­ры­лып, Қазақстанның тақырыпқа қа­тыс­ты бірқатар баяндамалары назарға ұсынылды. Халықаралық құқық қорғаушылар дөңгелек үстел үшін алғыстарын біл­діріп, қазақстандық және халықаралық үкі­меттік емес құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту бойынша Қазақстанның белсенді күш-әре­кет­теріне оң бағасын берді. Олар БАҚ қызметіне қатысты нақты істер туралы сөз қозғап, Қазақстандағы құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдамалар берді.