• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Форум 02 Ақпан, 2023

«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды

299 рет
көрсетілді

Кеше Алматыда «Digital Almaty: Жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік» V мерейтойлық халықаралық цифрлы форумы басталды. Форумға қаты­сушылар екі күн бойы өнеркәсіп саласының автоматтандырудан цифр­ландыруға көшуін, цифрлық майнинг перспиктиваларын, роботтандыруды қолдау салаларын талқылайды.

Алғашқы күнгі пікірталас Қазақстан­дағы цифрлық майнинг өнер­кәсібі, мем­лекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы, криптобиржалардың даму перспективалары, киберқауіпсіздік мәсе­лелері және білім беру саласындағы технологиялар төңірегінде өрбіді.

Форум жұмысына қатысқан Цифр­лық даму, инновациялар және аэроға­рыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Алматыда ақпараттық технология­лар саласының дамуына қолайлы инфра­құрылым қалыптасқанын, үздік IT ма­мандарды жинайтын өңірлік хабты ашуға осы қаланың мүмкіндігі барын айтты. Министр айтып өткендей, еліміз – цифрландырудың даму жылдамдығы бойынша 20-орында. 2021 жылы цифр­л­ық дағдылар бойынша 134 елдің рейтин­гінде Қазақстан 43-орынға ие болды. Бұл – елдегі цифрлық технологиялар­дың сенімділігінің, тұрақтылығының және тиімділігінің айтарлықтай жоғары көрсеткіштері.

– Біз Алматыда осымен бесінші рет цифрлық саладағы жаңашылдықтарды талқылап, үздік жетістіктер туралы айтатын боламыз. Алматы – еліміздегі IT индустрия астанасы. IT компаниялар­дың басым бөлігі осында орналасқан. Қуантарлығы, ақпараттық технология­лар саласының дамуына қолайлы ин­фра­құрылым қалыптасқан. Сондық­тан біз қаланың әлеуетін пайдалана отырып, үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құруға мүдделіміз. Әлем­де цифрлық сала көзді ашып-жұмғанша өзгеруде. Бүгінгі форум заман талабына сай қарқынды дамып келе жатқан IT сала өкілдерінің басын қосатын игі дәстүрге айналды, – деді Б.Мусин.

Министр «Digital Almaty» бүгінде бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылар мен IT қоғамдастық кездесе­тін бірегей алаңға айналғанын еске салды. «Басты басымдықтардың бірі – IT саланы дамыту. Қазақстандық IT нарығы қазір­дің өзінде 10 мыңнан астам IT компа­ния­лар мен осы салада жұмыс істейтін 150 мың адамды бір арнаға то­ғыстырып отыр. IT индустрияда жұмыс істейтін бір адам аралас салаларда 3 жұмыс орнын ұйымдастырады», деді ол.

Осы жылдың күзінде Алматы қала­сының «цифрлық егізі» құрылатыны да жиын барысында белгілі болды. 

Форум жұмысына қатысқан Алма­ты қаласының әкімі Ерболат Досаев­тың айтуынша, Алматының цифр­лық егізіне көлік, экономика, экология және құрылыс деректері енгізіледі. Сондай-ақ үлкен деректерді талдау не­гізінде қаланы да­мыту сценарийінің функционалы бар платформаны енгі­зу жоспарла­нуда. «Қабылданған қала­ны дамыту бағдарламасындағы 7 негіз­гі басымдықтың бірі – «Алматы – Смарт-сити» құру. Осы жылдың күзіне қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифр­лық егізін» құруды бастау жоспарлан­ған. Былтыр қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake-бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық «ақыл­ды қалалар» байқауының финалисі атан­ды», деді Е.Досаев.

Шаһар басшысы қаланың одан әрі дамуына, жақсаруына маңызды жоба­лар мүмкіндік беретінін атап өтті. «Биыл бірыңғай бейнемониторинг жүйесі Алматының 80 пайызын қамтиды. Бұл – цифр­ландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақ­тарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету», деп атап өтті ол.  

Форумның панельдік сессиясына қа­­тысушылар цифрлық майнингтің да­му басымдықтарын талқылады. Төртін­ші өнеркәсіптік революцияның үлестес орталық басшысы Павел Коктышев ке­йінгі екі жылда сектордың даму көрсет­кіштерінің төмендеуіне қарамастан (бұл бүкіл әлемдегі экономиканың біршама секторларына тән), индустрия дұрыс ба­ғыт­та дамып келе жатқанын айтты.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төрағасы Сапар Ахметов аталған салада жұмыс істей­тін қазақстандық компаниялардың да айтарлықтай қиындықтарға тап болға­нын айтып өтті. «Алайда биыл оң үрдістер­ді байқап отырмыз. Мемлекет сала­ның даму үрдістеріне түсіністікпен қарай­ды. Бұл әуелі Қазақстанда жүзеге асыры­лып жатқан жобаның алғышарттары. Біз­дің қауымдастық Үкіметпен және АХҚО-мен жұмысты биыл да жалғастыра­ды», деді ол.

С.Ахметов қауіпсіздік мәселелерін ескере және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жасауға жағдай жасай отырып, Қазақстанда криптовалюта айналымын енгізу қажет екеніне сенімді. Қауымдастық өз тарапынан білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қарас­тыра бастады. Себебі нарықта криптотрейдерлер мен алаяқтардың көбеюіне байланысты азаматтарды сауаттандыру қажет.

Электронды өнеркәсіп және цифр­лық активтер индустриясын дамыту де­партаменті директорының орынбасары Ғизат Байтұрсынов Парламент отырысында осы сектордың басты мәселелерін шешуді көздейтін цифрлы активтер туралы заң қабылданғанын еске салды. «Көптеген елде криптовалюталар тө­­лем құралы ретінде қолданылады. Бізде ­оған Ұлттық банк әлі дайын емес, деген­мен болашақта жетеміз деп ойлаймын», деді ол.

MOST холдингінің басқарушы се­ріктесі Мират Ахметсадықов бұл бас­тама өңірдегі инвестицияны жұмыл­дыру және көбейтуге көмектесуі керек екенін атап өтті. «Біз Орталық Азия­дағы венчурлық капитал нарығының ізашарларымыз. MOST Ventures Fund 2020 жылы АХҚО юрисдикциясында бірінші болып тіркелді, тәжірибе алдық. Қазір біз екінші қорға инвестиция ашу және қалыптастыру сатысындамыз. Инвестиция тарту барысын­да мекемелермен көп кездесу өткіздік. Енді ойыншылар қауымдастықтың кө­мегімен венчурлық капиталистермен Қазақстанда жоғары сапалы қаржы­лық инфрақұрылымды дамыту үшін күш біріктіретін кез келді», деп атап өтті Мират Ахметсадықов. 

Қазіргі таңда Қазақстанда венчур­лық индустрияны сарапшылар шамамен 150 млн долларға бағалап отыр. М.Ахметсадықовтың айтуынша, 2022 жылы қазақстандық венчурлық инвес­тиция нарығының көлемі шамамен 50-60 млн долларға бағаланған. 2018 жылы венчурлық қаржыландыру туралы заңға түзетулер қабылданғаннан кейін венчурлық қор немесе, мысалы, стартап сияқты ұғымдардың нақты анық­тамасы пайда болғаннан бері ілгері­леу­шілік бар. Нарық өсіп келеді. Бірақ қолданыстағы заңда опциондық келі­сім, айырбасталатын несие сияқты ең өзек­ті инвестициялық құралдар әлі де жоқ. Сарапшы айтып өткендей, нарықтың беталысы енді қалыптасып келе жатыр.  Нарық дәстүрлі және венчурлық инвес­тициялар арасындағы айырмашылықты әлі түсінген жоқ. «Мен өзім инвестицияны тағам ретінде, ал венчурды оған дәмдеуіш, авантюризм және тәуекел деп баға беремін. Тәуекелге тәбеті бар, үлкен өсу мүмкіндіктерімен өтелетін көптеген жобаға аз соманы салуға дайын адамдар келеді және олардың біреуі тез өсіп, пайда табады деп күтеді», дейді баяндамашы. 

«Digital Forum Almaty» аясында ұлт­тық пошта операторы «Қазпошта» АҚ мен Mastercard халықаралық төлем ­жү­йе­сі арасында Стратегиялық әріп­тес­тік ­­тура­лы меморандумға қол қойыл­ды. Тарап­­тар Қазақстандағы қолма-қол ақша­сыз ­экономика және финтех эко­жүйелерін ынталандыру саласында­­ғы ынты­мақтастықты дамытуға келісті. Құ­жатта әлеуметтік жобалардың тө­лем ше­шімдерін әзірлеу және іске қосу, элек­­тронды коммерцияны дамыту, ша­­ғын және орта бизнесті цифрланды­ру, Қазақстанда жылдам, үздіксіз және қауіп­сіз цифрлық тәжірибені қам­та­ма­сыз ету бойынша бірлескен жұ­мыс қа­растырылған. Меморандумға «Қаз­пош­та» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жана­сова мен Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трепка қол қойды. Құжатта әлеуметтік жобалардың тө­лем шешімдерін әзірлеу және іске қосу, элек­тронды коммерцияны дамыту, ша­ғын және орта бизнесті цифрланды­ру, Қазақстанда жылдам, үздіксіз және қа­уіп­сіз цифрлық тәжірибені қамта­масыз ету бойынша бірлескен жұмыс қарас­тырылған.

Әсел Жанасова айтып өткендей, Master­card-пен арадағы байланыс бір­неше жыл бұрын басталды жә­не бар­ған сайын кеңейіп келеді. «Біз қа­рым-қатынасымыздың жаңа ке­зе­­ңі­не қуаныштымыз және ынты­мақ­тас­ты­ғымыздың әлеуетін жоғары баға­лай­мыз. Қазпоштаның қазіргі даму векторы инновацияға және ең озық өнім­дер мен қызмет көрсету стандарттарын ен­гізуге бағытталған. Mastercard сияқты жаһандық ойыншымен ынтымақтас­тық жалпы халыққа қаржылық қызметте­рге қолжетімділікті қамтамасыз етуге, ең озық технологиялар мен құралдарды енгізуге мүмкіндік береді», дейді ол.

Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трепка «Қазпошта» маңызды рөл атқаратын қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз тө­лемдерді дамытпай, цифрлық экономи­каны қалыптастыру мүмкін емес еке­нін айтып өтті. «Біз Қазақстанда цифр­лық экономиканың дамуын одан әрі ын­таландыратын озық инновациялар­ды енгізудеміз. «Қазпоштамен» бірлес­кен жұмыс қазақстандықтардың ин­но­вациялық қаржылық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ал біз­­дің тәжірибеміз бен халықаралық тәжі­рибеміз әлеуметтік аспектілерді дамы­ту­ға, ШОБ пен электронды коммерция­­ны цифрландыруға жол ашады», дейді Рафал Трепка. Әріптестіктің маңыз­ды бөлігі инновациялық технологиялар­ды дамыту, тәжірибе алмасу, «Қазпошта» АҚ қаржылық технологиялар экожүйе­­сін дамытуды қолдау, сондай-ақ басқа да ­жобалар саласындағы бірлескен іс-шаралар болмақ.

Форумның екінші күні Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей, сондай-ақ Әзербайжан, Өз­бек­стан және Молдова премьер-министр­­лерінің қатысуымен өтетін пле­нар­лық отырыспен басталады. Күн тәрті­бін­де цифрлық инфрақұрылым және теле­ком­муникациялардағы жаңа технологияларды дамыту жайы қарастыры­ла­ды. Сондай-ақ технопарктердің, ха­лықаралық вендорлардың және вен­чурлік қорлардың көрмелері де ұйым­дастырылады.

 

АЛМАТЫ