• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2014

Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне енді

1003 рет
көрсетілді

Таяуда ЮНЕСКО «Адам және биосфе­ра» бағдарламасының (МАБ) Ха­лық­аралық үйлестіру комитетінің 26-сессиясының ше­шімімен қазақстандық екі таби­ғи резер­ват­қа «ЮНЕСКО биос­фералық резерваты» халық­аралық мәртебесі бекі­тілді. Олар «Қатонқарағай» мем­лекет­тік ұлттық табиғи паркі мен «Ақ­жай­ық» биосфералық аумағы. Екі ерек­ше қорғалатын табиғи ау­мақ­тар ЮНЕСКО Бүкіләлемдік биос­фе­ра­лық резерваттар жүйесіне енгізілген. ЮНЕСКО халықаралық сарапшылары Қазақстан Үкіметінің, МАБ Ұлттық комитетінің және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жө­ніндегі Ұлттық комиссиясының аталған номинацияларды пысық­таудағы күш-жігерін өте жоғары бағалады. Осылайша, қазіргі таңда Қазақ­станда 4 ЮНЕСКО биосфералық резерваты жүзеге асырылуда. Қорғалжын және Алакөл номинациялары 2012-2013 жылдары ЮНЕСКО биосфералық резерваттары мәртебесін алды. Бүкіл­әлемдік биосфералық резер­ваттар жүйесіне ену тамаша табиғаттың сақталуына, сондай-ақ, Қазақстанның экономикасы мен туристік әлеуетін дамытуға ықпал жасайды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар