Өткен тәулікте 100 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, 1 556 адам коронавирус инфекциясынан (–1 410+ және 146 КВИ-) ем қабылдап жатыр, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 435 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.