Қазгидромет синоптиктері 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігі атмосфералық фронтал бөліктердің ықпалында болады. Елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады.
Жауын-шашын мен жел күшейеді. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18 градус, күндіз 3-8 градус аязға дейін төмендейді.
Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26 градус, күндіз 5-13 градус аяз болады. Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы аз оң мәндерге жетеді, күндіз 2-10 градус жылы болады деген болжам бар.