• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Ақпан, 2023

Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды

237 рет
көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында Алматы-Қорғас тас жолының 337 шақырымында болды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 жастағы жүргізуші Lada автокөлігін басқара алмай, жол апатына ұшыраған. Оқиға салдарынан 26 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды. Зардап шеккен жүргізуші әйел мен екі жасар бала аудандық ауруханаға жеткізілді.Жол апатының себебі анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.