2022 жылы елорда тұрғындары 17 млрд теңгеден аса соманың тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласында 207 663 науқас 939 274 тегін рецепт бойынша 17,02 млрд теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.
«МӘМС жүйесінде тегін дәрі-дәрмекпен: жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 458 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 8 547 бала; теміржетіспеушілігі анемиясымен - 1 343 бала; рахит ауруымен - 1004 бала; пневмониямен - 2 197 бала; синуситпен/бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен - 645 бала қамтылды. Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни науқастардың құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді», деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.