Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Алматыда өткен Digital Almaty цифрлық форумында заманауи компьютерлік технологиялардың артықшылықтарына тоқталып, оның ішінде ең маңыздысы ретінде екі саланы – криптовалюта мен жасанды интеллект туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Бизнес мектептерінде үміткерлер ChatGPT онлайн сұхбаттан өтіп, жұмысқа орналасады. 10 жыл бұрын қиял-ғажайып болған құбылыстар бүгінде шындыққа айналды», деді А.Жапаров.
Ол сондай-ақ Алиса немесе Сири сияқты жасанды интеллект қызметтерінде қазақ және қырғыз тілдерінің жоқтығына назар аударды.
«Цифрлық әлемге енбейтін тілдер - жазуға түспеген тілдердің тағдырына тап болады», деп атап өтті Қырғыз Республикасы Үкіметінің басшысы.