• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Президент 03 Ақпан, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды

432 рет
көрсетілді

Емхана заманауи жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Аудан тұрғындарына 260-тан аса дәрігер, орта және кіші санаттағы медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысына компьютерлік томография, цифрлық рентген және маммография аппараттары таныстырылды. 2023-2024 жылдары өңірде 30 медицина нысанын салу жоспарланған.Былтыр медицина қызметкерлерінің жалақысы 20-30 пайызға артты. Биыл тағы сондай көлемде өседі. Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында республика бойынша 309 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынып, 12 орталық аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ұлттық жоба аясында денсаулық сақтау ұйымдарын 575 дана заманауи медициналық құрылғымен жабдықтау қарастырылған.2023 жылы қосымша 2,4 миллионнан астам ауыл халқы арнаулы медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.