26 қаңтар кешкі уақытта белгісіз адам Ақтау қаласы 7 шағын ауданда бірнеше тонау деректерін жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұрлықшы азық-түлік дүкендерінің біріне кіріп, сатушыдан ақша талап еткен. Сондай-ақ екі азаматшаның қол сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.Осыдан кейін 18 жастағы күдікті ұсталды. Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.Күдікті УҰИ-ге қамалды.