• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Ақпан, 2023

Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты

247 рет
көрсетілді

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «DIGITAL ALMATY 2023» халықаралық форумына қатысып, жоғары білім беру жүйесін цифрландыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Саясат Нұрбек «Жоғары білім беруді цифрландыру: өсудің жаңа көкжиектері» атты панельдік сессияда сөз сөйлеп, модератор болды. Өз баяндамасында ол цифрландыру жағдайында жоғары білім беруді дамыту ерекшеліктерін және оқу процесіндегі цифрландыру мүмкіндіктерін атап өтті.   Ведомство басшысының айтуынша, цифрлық технологиялардың арқасында пайда болған оқытудың жаңа тәсілдері жоғары білім беру моделі үшін жаңа мәселелер тудырып жатыр. Студенттердің талаптары артып келеді. Болашақта студенттер цифрлық дәуірдің мүмкіндіктерін барынша пайдаланатын және болашақ дамуды болжайтын жоғары оқу орындарына тартылатын болады.   «Келесі оқу жылынан бастап біз «Цифрлық университеттерге трансформациялау» жобасын пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл жобаға цифрлық университет моделін енгізуде тәжірибесі бар ірі серіктестерді тартатын боламыз. Солардың бірі - Microsoft командасы. Цифрлық университет моделі 4 негізгі аспектіні қамтиды. Олар: білім беру қызметі, кампус пен IT инфрақұрылымы, ғылыми қызметті цифрлық трансформациялау және бірыңғай цифрлық платформа сервистерін дамыту. Болашақта бұл тәжірибе еліміздің барлық жоғары оқу орындарына таратылатын болады», деп атап өтті Саясат Нұрбек.   Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша студенттердің әлемдік цифрлық кітапханаларға, оның ішінде Coursera платформасына қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары басталды.