• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 03 Ақпан, 2023

Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды

255 рет
көрсетілді

Елорда әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, онколог-маммолог, хирург дәрігер Юрий Жуков онкологиялық сырқаттанушылық, атап айтқанда, сүт безі қатерлі ісігі көрсеткіші жайлы жаңа деректермен бөлісті, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша Астана бойынша жалпы сырқаттанушылықтың 180,1-ден (2021 жылы) 180,6-ға (2022 жылы) дейін өсу үрдісі байқалады, бұл жалпы ауруды алдын ала анықтау, тұрақты түрде скринингтер жүргізумен және жалпы өлім-жітімнің 71,1-ден (2021 жылы) 67,0-ге (2022 жылы) дейін төмендеуімен байланысты болып отыр.

«2007 жылдан бастап Астана қаласы бойынша сырқаттанушылық құрылымында сүт безі обыры 1-орында, былтыр 401 сырқат жағдайы тіркелген, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 30,3 құрады (2021 жылы – 100 мың адамға шаққанда 344/28,4), скринингтерді енгізуге байланысты сырқат белгілерін уақытынан ерте анықтау 6,6%-ға артты. 2021 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 6,7-ден 6,2-ге дейін өлім-жітімнің 7,5%-ға төмендеуі байқалады, аурудың 1-2-сатысының ерте диагностикасы жақсарды және 90,2% – 3 (2021 жылы – 87,0%) 3,7%-ға жоғары көрсеткішті құрады. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам әйел сүт безі обыры бар диспансерлік есепте тұрады», деп нақтылады Юрий Жуков.

Бұл ретте, дәрігер қатерлі дертке шалдығатындар қатары жасарып келе жатқанын назарға салды. Сырқаттанушылықтың 50-60%-ы 40-60 жас аралығындағы науқастар арасында тіркелген. Дегенмен қатерлі ісік 20-30 жастағы науқастарда да жиі кездеседі.