• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Ақпан, 2023

Американың Огайо штатында пойыздан ірі өрт шықты

371 рет
көрсетілді

Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания шекарасына жақын орналасқан Огайо штатында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық  кеңестің өкілі Майкл Грэм вагондар рельстен шыққанда ірі өрт басталғанын айтты. Теміржолдар жабылды. 

Жүзден астам вагоны бар пойыздың жиырмасыншы вагонында винилхлорид болған. Ол жанған кезде бөлінетін газ қоршаған ортаға қауіпті, ал заттектің өзі улы әрі жылдам тұтанғыш. Винилхлориді бар қанша вагонның бүлінгені туралы ақпарат жоқ. Алайда жергілікті өрт қауіпсіздігінің басшысы ондай вагондарда газдың шығуының алдын алатын тетіктер жұмыс істейтінін айтты. 

Басқа вагондарда химиялық заттар болған. Олардың толық тізімін жергілікті және федералдық билік өрт сөндірушілерге жібереді. 

Оқиға салдарынан қайтыс болғандар  мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.  

Соңғы жаңалықтар