• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2023

Атырауда 32 жастағы әйел жаңа туған баласын сатпақ болған

352 рет
көрсетілді

Атырауда 32 жастағы әйел баласын сатпақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әйел Батыс Қазақстан облысынан келген. Күдікті жаңа туған сәбиін сатып алатын адам іздеген. Ал, әкесіне баланың қайтыс болғанын айтқан.

Сөйтіп, бала сатып алғысы келген екі адамды тапқан. Көбірек ақша ұсынған адамға баласын ұстатып жіберген.

«Қазір күдікті әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті әйел мен баласына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Бала сатуға байланысты куәгерлерден жауап алынды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.