• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №556

288 рет
көрсетілді

2014 жылғы 28 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.Осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген ауданның жерлерінен жалпы алаңы 334 гектар жерінің бір бөлігін Өскемен қаласының шегіне қосу жолымен «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсынысты келісуге енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 12/143-У шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 150 қаулысына келісім берілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 556 қаулысына қосымша Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерінің Өскемен қаласының шегіне қосылатын бөлігінің экспликациясы Аудан атауы Ауыл атауы Өскемен қаласының шегіне қосылатын жерлер алаңы (гектар) Оның ішінде елді мекен-дердің жері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер ауыл шаруа-шылығы мақсатын-дағы жерлер босалқы жерлер Глубокое Ушаново ауылдық округінің Комсомоль-ское ауылы Барлық жерлер: 334