Қазақстан қылмыс индексі бойынша елдер рейтингінде 48-ші орынға тұрақтады. Еліміздің индексі 52,7 құрады. Индекс неғұрлым жоғары болса, елдегі қылмыс деңгейі соғұрлым жоғары болады. Аталған рейтингке 142 ел кірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Индекс сауалнамалар негізінде елдегі қылмыстың жалпы деңгейін бағалайды. Рейтингті жасаушылар Numbeo сарапшылары қылмыс деңгейі 20-дан төмен, 20-дан 40-қа дейін өте төмен, 40-тан 60-қа дейін орташа, 60-тан 80-ге дейін жоғары және ең соңында 80-нен жоғары деп санайды.
ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда қылмыс деңгейі Беларусь пен Қырғызстанда жоғары, ал Молдова, Ресей және Өзбекстан қауіпсіз елдер қатарына енді.
Бұл ретте, Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан қылмыс көп жасалатын елдердің рейтингін ашты. Ал Катар ең қауіпсіз ел болып саналады.
Finprom сарапшылары атап өткендей, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 157,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз.
Алматыда ең көп құқық бұзушылық тіркелді: 34,9 мың, жылына плюс 25,9%. Антилидерлер үштігіне Астана (17,1 мың құқық бұзушылық) және Алматы облысы (12,6 мың құқық бұзушылық) кірді.
Ең аз бұзушылықтар жаңадан құрылған Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелді.