Кеше Риддердегі ЖЭО-да тағы бір жаңа жабдық істен шығып, тұрғындар жылусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анықталғандай, өңірде су беру температурасы 53 градусқа дейін төмендеп кеткен. Риддер әкімі Дмитрий Горьковой оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«5 ақпанда конвейер таспасының екінші көтергіш барабанының қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлерін толтыру басталды. Температура режимі үш сағат ішінде қалпына келтіріледі. Жөндеу жұмыстары кезінде температуралық режимді қалпына келтіру үшін № 1 қазандық агрегаты қосымша қыздырылды», деп жазды қала әкімі Instagram-дағы ресми парақшасында.