• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Ақпан, 2023

SCAT-тың әуе паркі «Боинг-737 МАХ 9» ұшағымен толықты

335 рет
көрсетілді

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті отандық авиакомпаниялармен бірлесіп, әуе кемелерінің паркін ұлғайту мен тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, SCAT компаниясы сыйымдылығы 213 орынға шақталған «Боинг-737 МАХ 9» ұшағына ие болды. Осы арқылы әуе тасымалдаушының флоты 34 ұшаққа дейін артты.

Жаңа ұшақтың көмегімен SCAT-тың жолаушыларды тасымалдау сыйымдылығы ұлғайып, рейстерді уақтылы орындауға оң әсер етеді деп күтіліп отыр. Айта кету керек, бұл әуе кемесі аталған авиакомпанияның былтырғы тамыз айынан бастап сатып алған осымен 8-ші ұшағы саналады.Осылайша, бұл - өткен жылдың тамыз айынан бастап авиакомпания алған сегізінші әуе кемесі. Бұл ретте қазақстандық авиакомпаниялардың ұшақтарды жаңартып, ұлғайту бойынша жұмыстары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұдайы бақылауында екенін айта кеткен орынды.