• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Ақпан, 2023

Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды

344 рет
көрсетілді

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 жылы туған және 2022 жылы дүниеге келген сәбилерін сатқан 1991 жылы туған БҚО-ның тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Аталған дерекке қатысты ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.