• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2023

Марат Қарабаев Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

202 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті. Тараптар өнеркәсіп, көлік және авиация салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін зерделеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған кездесуде «ЕвроХим», «Камаз», «Уралхим», «Татнефть», «Вертолеты России», «Технониколь» және басқа да компаниялармен автомобиль шығару, химия, тау-кен металлургиясы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту салаларындағы бірлескен өндірістік кооперациялары жөнінде айтылды.

Ресейлік дипломат транзиттік және экспорттық жүктердің ағынын ұлғайтуда «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің шығыс тармағы саналатын «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» учаскесінің маңызы зор екенін атап өтті.

Айта кетейік, 15-16 ақпан күндері министрлік делегациясы Мәскеуге аттанады, онда салалық мәселелерді мұқият пысықтап, талқылау үшін Ресей Федерациясының өнеркәсіп, сауда, көлік, құрылыс және ТКШ саласына жауапты министрліктермен бірқатар келіссөз өткізу жоспарланып отыр.