• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 07 Ақпан, 2023

Нарықта доллар бағамы төмендеді

245 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне қарағанда, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күндізгі сауда нәтижесі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,67 теңгеге төмендеп, 456,98 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 7 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 457,70 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 457,32 теңгеден сатып алынып, 460,35 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 457,93 теңге, сату – 462,01 теңге.