• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Ақпан, 2023

Курил аралдарында 5,8 балдық жер сілкінісі болды

334 рет
көрсетілді

Сейсенбі күні Тынық мұхитының Курил аралдары маңында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының геофизикалық қызметінің Камчатка бөлімшесі хабарлады.

Жер сілкінісі Камчатка уақытымен 18:45-те болды. 

«5,8 балдық жер сілкінісі 42 км тереңдікте болды», делінген мекеменің хабарламасында. 

Айта кетейік, жер сілкінісінің ошағы Ресейдің Северо-Курильск қаласынан 189 шақырым жерде орналасқан.