• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2023

Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі

230 рет
көрсетілді

8 ақпанда 13 Е жылу камерасынан Энергетиктер көшесі, 67 мекенжайына қарай тартылған жылу желісінде жылу ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

− «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің мәліметінше, жылу желісіндегі жерасты төсеміндегі зақымдануларды анықтау және жою мақсатында шамамен сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жылу болмайды, − деп жазылған Рavlodarnews.kz таратқан хабарламада.

Сондай-ақ сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін Тепличный көшесі, 16 мекенжайына қарай жылу желісін жөндеу үшін жылумен қамту уақытша тоқтатылады.

Соңғы жаңалықтар