АСТАНА. 18 маусым. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Ермек Бекенұлы Нұғыманов Ерейментау ауданының әкімі болып бекітілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
1957 жылдың 20 қыркүйегінде Ақмола облысының Алексеевка ауданында туған Ермек Бекенұлы Нұғыманов 1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – агроном. Ол еңбек жолын 1975 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы «Золатая нива» кеңшарында механизатор болып бастаған. 1979-1996 жылдар аралығында түрлі салада жұмыс істеді. 1996 жылы бұрынғы Көкшетау ауданы әкімінің орынбасары, 1997 жыл Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004 жылы Жақсы ауданының, 2007 жылы Бұланды ауданының әкімі болып тағайындалды. Ал осы тағайындауға дейін ол Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: novosti-ru.ru.