• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 08 Ақпан, 2023

Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

374 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

– Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.