• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Ақпан, 2023

Елордада 75 жастағы қарияны тонап кеткен

283 рет
көрсетілді

Елордалық үйдің кіреберісінде 75 жастағы әжені тонап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға 75 жастағы зейнеткер Жұмабаев көшесіндегі үйінің кіреберісінде белгісіз біреудің 140 мың теңге ақшасы бар қол сөмкесін ұрлап кеткенін айтып, арызданған.

Қарияның айтуы бойынша, ол күндізгі уақытта банкоматтан зейнетақысын алған. Азық-түлік сатып алуды шешіп, ол жолда дүкенге кіріп, содан кейін үйіне қайтқан. Ол кіреберіске кіріп, баспалдақ алаңында 4-қабаттағы пәтерге сөмкелерді апаруға көмектесуді ұсынған ер адамды көрген.

Зейнеткер ештеңеден күдіктенбестен, сөмкелерін бейтаныс адамға беріп, оның соңынан баспалдақпен көтерілген. Ер адам 4-ші қабатқа тез көтеріліп, оны пәтердің алдында күтіп тұрған. Күдікті оған сөмкелерді беріп, белгісіз бағытқа қарай тез қашып  кеткен. Бір-екі сағаттан кейін жәбірленуші сөмкесін тексеруді ұйғарып, ақшаның жоқ екенін аңғарған. Алматы ауданы ПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 38 жастағы күдіктіні анықтады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.