• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Ақпан, 2023

Түркияда отандастарымызды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр

781 рет
көрсетілді

Түркиядағы зілзаладан кейін үйінділердің астында қалған Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбековті құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы оқиға орнына барған Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбеков үйінділердің астында қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

«Кран жұмысын бастады. Үміт пайда болды», деп жазды Мағжан Мәдиев өз парақшасында.

Бүгін Мағжан Мәдиев басқа еріктілермен бірге әріптестерін іздеу үшін Хатай қаласына барған.

Еске сала кетсек, кеше Түркиядағы жер сілкіністерінен кейін хабар-ошарсыз кеткен Қазақстан азаматшасы Сабина Мамадьярова үйінділердің астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілді.

Қазақстаннан Түркияға арнайы жұмылдырылған құтқарушылар Газиантептегі үйінділерден үш адамды алып шықты. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, табиғи апат кезінде қаза тапқандар саны 12 мың 391 адамға дейін өсті.

Сондай-ақ бүгін 42 Қазақстан азаматы, 22 Қырғызстан азаматы Газиантептен арнайы бортпен эвакуацияланды.