Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жетекшілік ететін салаларға қысқаша тоқталып өтті.
Кездесу барысында тараптар медиа, жастар салалары бойынша ортақ жоба бастау мәселелерін талқылады.