• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Ақпан, 2023

Астанада техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп жатыр

394 рет
көрсетілді

Астанада техникалық қызмет көрсету орталығының бір қабатты ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық ТЖД мәлім еткендей, 9 ақпанда сағат 13:57-де өрт сөндірушілер өртті сөндіру үшін Айнакөл көшесі, 149 мекенжайына барған.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес минуттан кейін шамамен 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жапсарлас салынған бір қабатты ТҚК орталығының ғимараты жанып жатқанын анықтады», деп жазады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.