Ким Чен Ын әскери шеруде бұрын соңды болмаған көптеген құрлықаралық баллистикалық зымырандарын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz kcna.kp порталына сілтеме жасап.
КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі комиссиясының төрағасы және Жұмысшылар партиясының бас хатшысы Ким Чен Ын мен оның тоғыз жасар қызы Корей Халық Армиясының 75 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.
Мемлекеттік БАҚ жариялаған суреттерде Солтүстік Кореяның ең ірі 11 Хвасонг-17 ұшағы бейнеленегн. Хабарламада атап өтілгендей, олар әлемнің кез келген нүктесіне ядролық соққы бере алады.
«Біз Солтүстік Кореяның мұндай ұшыру қондырғыларын ешқашан көрген емеспіз. Егер бұл зымыран бірнеше оқтұмсықпен жабдықталса, онда ол америкалық зымыранға қарсы жойқын қару бола алады», деді АҚШ-тың Карнеги халықаралық бейбітшілік қорының өкілі Анкит Панда.