• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Ақпан, 2023

Ыстанбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жолдап жатыр

354 рет
көрсетілді

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның алапат зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың АҚШ долларын құрайтын көмек жиналып, жөнелтілді. Атап айтқанда, балалар тағамдары, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және т.б. қажетті өнімдер жолданып жатыр.

Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалуда. Бас консул Әлім Байел бауырлас Түркияға қолдау көрсетіп жатқан Ыстанбұлдағы қазақтарға алғыс айтты.