Түркияның Кахраманмараш қаласында қираған үйдің астынан 20 күн бұрын туған нәресте табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шетелдік ақпарат көздеріне сүйенсек, сәбидің аты Керем Ағырташ. Ол Хатай провинциясында болған жер сілкінісінен кейін қираған үйдің астында 60 сағат жатқан. Қазір кішкентай Керемнің денсаулығы жақсы.
Дәл осы провинцияға кіретін Самандаг қаласында 10 күн бұрын туған тағы бір сәби тірі табылды. Ягыз Улаш үйінділердің астында 90 сағат жатқан.