2023 жылдың 10-11 ақпанында ауа-райының нашарлауына байланысты облыстың республикалық және облыстық маңызы бар әртүрлі бағыттардағы автожолдар учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 ақпанда сағат 01:00-ден 06:30-ға дейінгі кезеңде Күйік - Қарабастау-Қаратау және Қаратау-Жаңатас автожолдарының екі учаскесінде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған 12 жеңіл автокөліктен 68 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді.