• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Ақпан, 2023

Елордада тұрақта тұрған автокөліктерді тонаған жігіт ұсталды

234 рет
көрсетілді

Елордада тұрақта тұрған 10 автокөліктің доңғалақтары ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Түнгі уақытта іске кіріскен ер адам, ұзақ уақыт тұрғын үйлердің аулаларында қозғалыссыз тұрған көліктерді  қадағалаған.

Нәтижесінде, ол Mersedes Benz автокөлігінен титан дискісі бар шиналарды ұрлап, 150 мың теңге шығын келтірді. Кейін, BMW көлігінен де осындай бөлшектерді алып кеткен.

Ер адам ұрланған заттарды метал қабылдау пунктіне және шина монтаждау орнына тапсырып үлгерген.

Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде 30 жастағы елорда тұрғыны анықталды.

Қазір ол 10-нан аса көлікке ұрлыққа түсті деген күдікке ілінді.

Өз кінәсін мойындаған қылмыскерден заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.